26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы айлық өткізіп, оның барысында облыс көлемінде жастар мен жасөспірімдер, бұқара қауым арасында бірқатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.
Айлық аясында Қызылорда қаласының №3 мектеп-лицейінің «Балдырған» күндізгі лагерінің тынығушылары мен «Көк желкен» аулалық клуб мүшелері арасында «Біз есірткіге қарсымыз!» акциясы, асфальтқа сурет салу сайысы ұйымдастырылды.
Акция барысында балалар өздерінің әртістік, музыкалық қабілетін көрсете білсе, асфальтқа салған суреттерінде «нашақорлық – қоғам дерті» екендігін түсіндіруге тырысты. Сонымен қатар, флешмоб ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын қалыптасыру тақырыбында ұран айтылды.
Сонымен қатар, «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» аясында Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан үгіт-насихат жұмыстары да іске асырылуда. Oблыс көлемінде арнайы үлгідегі есірткі мәселесіне және есірткі жайлы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы хабарласуға болатын «Сенім» телефоны көрсетілген полиграфиялық үгіт-насихат өнімдері (плакаттар мен үгіт парақтары) қала, аудандарға таратылып, халық көп шоғырланатын жерлерге ілінді.