Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

«ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ»  МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫҚызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жанындағы Достық үйінде Медиация кабинеті ашылды. Оның жұмысына заңгер мен медиатор тартылған. Сенім телефоны бар. 
Ашылу рәсіміне аймағымыздағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағалары, өңіріміздегі ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Медиация қызметі саласындағы өзара ықпалдастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы, облыстық прокуратура, әділет, ішкі істер департаменттері, білім басқармасы, Судьялар одағы, адвокаттар алқасы, нотариаттық палата, «Медиаторлар одағы» қоғамдық бірлестігі, «Келісу» кәсіби медиаторлар одағы», «Tura Bi» медиация және сот әділдігін қалпына келтіру» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалдарының басшылары «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында Қазақстан Республикасының заңнамалық құжаттарына сәйкес өз құзыреті шегінде медиация арқылы даулы жағдайларды төмендетуде нақты істерге бірігу мақсатында өзара ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды. 
Меморандумға қол қоюдан соң медиация мәселелеріне арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинар-тренингті жүргізуге психология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті, кәсіби медиатор – Құнанбаева Майра Намгенқызы арнайы шақыртылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: