Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Жаңақоррған ауданы әкімі Руслан Рүстемовтің бастамасымен тарихи-мәдени жоба қолға алынды. Елімізге танымал режиссер, жерлесіміз Қалила Омаровтың жетекшілік етуімен «Туған жерге тағзым» атты кинофильм өз жұмысын бастады.
Кешелі-бүгін түсіру тобы ауданымызға қарасты тарихи-мәдени, рухани ескерткіштер мен көне қалалар орнын таспаға басуда. Жобаға діни-рухани, ғылыми тұрғыдан философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай жетекшілік етіп, пайымды пікірін білдіруде.
Бүгінге дейін сыр жағасындағы Төлегетай, Қылышты ата, Қылауыз ата, Хорасан ата, Бақсайыс кесенесі, Қыр Өзгент, Үш ата, Ақтас мешіті мен Айқоша ишан кесенесі, Сауран, Сығанақ қаласымен тағы бірқатар мәдени-рухани орындарын таспаға басылып үлгерді.