Қызылордалық Айшани Даттатрея ән байқауында бірінші орын алды
Қаладағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айшани Даттатрея БАӘ-нің Дубайда өткен халықаралық музыка және би байқау-фестивалінде бірінші орынды жеңіп алды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында БАҚ өкілдеріне конкурс барысын баяндады.
-Музыка әлеміне қызығушылығым 5 жасымнан басталды. Содан бері алты тілде ән орындаймын. Дубайда өткен байқау 9 бен 15 жас аралығындағы жасөсірімдер арасында өтті. Мен қазақ халқының әндерін орындағанды ұнатамын. Сол арқылы өзіме шабыт сыйлаймын. Осы орайда ұстаздарыма және барша қолдау білдірген жандарға алғысым шексіз, - деді Айшани Даттатрея.