Аралда 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күні мерекелерін атап өтуге байланысты аудандық іс-шаралар жоспары бекітілген. Мейрам күндері жергілікті тұрғындары сол бойынша түрлі бағдарламаларды тамашалай алады.
Бұл жөнінде Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркін Әбішев төмендегіше мәлім етті:
-1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күні мерекелерін атап өтуге байланысты аудандық іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жауаптыларға таратылған.
Мереке қарсаңында 1-7 мамыр күндері аралығында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы мектеп оқушылар арасында тоғызқұмалақ ұлттық ойыны, жасөспірімдер арасында футболдан облыстық турнир өткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, жеңіл атлетикадан мектеп оқушылар арасында аудан біріншілігі, және ат спортының сайыстары өткізілетін болады.
Ауданға қарасты барлық ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда мереке күніне арналған концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесінде орталық алаңға ауданға қарасты барлық мекемелер мен кәсіпорын ұжымдары әр ұлттың киімдерін киіп шеруге шықса, орталық алаңда «Тұғырымыз – тыныштық, тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз - татулық» атты мәдени-көпшілік, мерекелік концерті және кешкілік «Ынтымағымыз жарасқан-Қазақстан» атты жастарға арналған мерекелік концерт өткізілетін болады.
7 мамыр- Отан қорғаушылар күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Ел қорғаған ер қанаттысарбаздар» атты салтанатты жиын өткізу жоспарлануда.
9 - мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай орталық алаңда орналасқан «Тағзым» алаңына гүл шоқтарын қою рәсімі және орталық алаңда «Елдік пен ерліктің өшпес рухы» атты театрландырылған қойылым өткізу жоспарлануда. Сонымен бірге,«Жеңіс жырын жырлаймыз» атты кешкі мерекелік концерт ұйымдастырылатын болады.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы ардагерлер арасында Ж.Дошниязов атындағы шахматтан аудан біріншілігі өткізеледі.
Сонымен қатар барлық мектептерде мерекелік тақырыптарға сәйкес тәрбие сағаттарын өткізу, барлық кітапханаларда, көрме жанындағы әңгімелер кітап көрмелері және әдеби мерекелік кештер өткізілетін болады.
Сондай-ақ мереке қарсаңындағы сенбілік жұмыстары да күшейтілмек.