Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҒАСЫР ҒҰМЫРЛЫ ҒАЖАП АҚЫН

ҒАСЫР ҒҰМЫРЛЫ ҒАЖАП АҚЫНХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 170 жыл толып отыр. Осыған орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ғасыр ғұмырлы ғажап ақын» атты әдеби кеш өткізді.
Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың өлеңдері жатқа оқылды, ақынның шығармашылығынан көрініс көрсетіліп, «Жамбыл ата жайында не білеміз?» атты сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Сонымен қатар оқушылар Жамбыл Жабаевқа арналған арнау өлеңдерін оқып, ән шырқады.
Аталмыш шараға №7 орта мектептің 3-10 сынып оқушылары, №264 мектеп-лицейдің және №187 М.Шоқай атындағы орта мектептің оқушылары белсене атсалысты. Әдеби кеште балалар ақыны, педагогика ғылымдарының докторы, доцент, ұстаз Рахат Наурызбаева, №7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алмагүл Тұрсынбаева ақынның шығармашылығы туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар шараға көрермен ретінде №12 І.Қабылов атындағы және №101 орта мектептердің оқушылары қатысты. Іс-шара соңында оқушылар «Жыр алыбы - Жамбыл» атты кітап көрмесімен танысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: