8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Арал ауданының Қарақұм ауылдық округінде «Аспанға жазам сенің есіміңді» атты мерекелік кеш өтті.
Салтанатты шараға Атанши, Сазды, Жіңішкеқұм ауылдық округтерінің аналары да қатысты. Кеште аудан әкімі Абзал Мұхимов аналарға ақ тілегі мен ыстық ықыласын білдірді. Ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан азаматшаларды ерекше атап өтті. Сондай-ақ батыр және өз саласында үздік деп танылған бірқатар қыз-келіншекті алғыс хатымен марапаттады. Мерекелік кеш өнерпаздардың концерттік бағдарламасына жалғасты. Нәзік жандылардың құрметіне дастархан жайылып, оларға сый-сияпат жасалды.