Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ӨҢІРЛІК ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫ ӨТКІЗІЛДІ


Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасыжәне «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық - ресурстық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 15 тамыз күні сағат 10.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде XlV өңірлік Дельфий ойындары өткізілді.
Өңірлік жастар Дельфий ойындары өнердің Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және көбейту жастарды өзге мәдениетті сыйлау және оларға қызығушылық таныту рухында тәрбиелеудің жоғары форумы ретіндегі Дельфий ойындардың бүкіл әлемде нығайып келе жатқан идеясын іс жүзінде дамыту мақсатында өткізіледі.
Дельфий ойындар – классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін қамтитын жарыс, соның ішінде фортепиано, баян және ұлттық аспаптар, халық әні және эстрадалық ән, би түрлері, бейнелеу өнері және тағы басқалар.
Дельфий ойындардың жаңа кезеңі 1994 жылы Халықаралық Дельфий кеңес құрылған кезден басталды. 19 ел өкілдерінің штаб-квартирасы Берлинде орналасқан. Аталмыш шараны халықаралық үкіметтік емес ұйымдар ашуды шешті. Кейінгі жылдары әлемнің көптеген елдерінде ұлттық Дельфий кеңестер құрылды. Мұндай кеңес Қазақстанда 2004 жылы құрылды.
Бүгінгі таңда Дельфий ойындар – өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне маңызы зор іс-шара болып табылады. Дельфий ойындарға қатысу және жеңімпаз атану ең жоғары деңгейде танылып, өзінді мойындату деген сөз. Ойындарды өткізу Қазақстанның болашақ мәдени элитасын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Өңірлік жастар Дельфий ойындарына Қызылорда қаласы мен аудандардан барлығы 21 номинация бойынша 160-тан аса шығармашыл жастар қатысты.
Биылғы жылғы Қызылорда өңірлік Дельфий ойындарынан жоғарыда аталған номинациялар бойынша топ жарып, озып шыққан жеңімпаздар Республикалық XlV ұлттық жастар Дельфий ойындарына жолдама алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: