Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жан-жақты дарынды, шығармашыл балаларды анықтау, насихаттау мақсатында қалалық білім бөлімінің ұйымдастырумен «Мен дарынды» баламын атты байқауы болып өтті.
Шараға аймақ жетекшілері мен әдіскерлер,балабақша тәрбиешілері мен ата-аналар қатысты.
Байқауға 1,2,6 әдістемелік аймақ бойынша мемлекеттік және жеке балабақшалардан 11 тәрбиеленуші қатысып, «жобалау - зерттеу» технологиясы бойынша жоба жұмысын қорғады. Әрбір жоба баланың қызығушылығынан туындаған сұрақ негізіндегі тақырып бойынша алынған. Балалардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік дағдыларын қалыптастыру, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық тұлғаларды тәрбиелеу, жобалау-зерттеу жұмысына қоғам, ата-аналарды қатыстырып табиғатты сүюге, қамқорлық жасауға, тәрбиелеуге негізделген. Бұл байқауға әрбір байқауға қатысушымен қатар, жоба жетекшілері, ата-аналар үлкен дайындықпен келді.
Байқау қорытындысы бойынша «Сыр Жұлдызы» балабақшасының тәрбиеленушісі Гажданбек Мансұр І орынды иеленсе, ІІ орынға «Ер Тарғын» балабақшасының тәрбиеленушісі Бақытжанқызы Ясина мен «Бегім Ана» балабақшасының тәрбиеленушісі Бақыт Нұрай ие болды. ІІІ орынды «Сыр Дидары» балабақшасының тәрбиеленушісі Балғабай Бейбарыс пен «Сыр самалы» балабақшасының тәрбиеленушісі Қанатбек Мадина, «Сыр Бөбегі» балабақшасының тәрбиеленушісі Төлеген Гүлсезім иеленіп, Қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.
Сондай-ақ қалған қатысушылар белсенділік танытып, ерекше көзге түскені үшін «Ақылды бала», «Зерек бала», «Қабілетті бала», «Шебер бала», «Алғыр бала» номинацияларын иемденді.