Бұл туралы Атанши ауылдық округінің әкімі Еркін Назаров хабарлады.
Өткен аптада Арал ауданына шығырмашылық ән кешімен келген өнер жұлдызы Сержанәлі Әлібек аудан орталығынан 220 шақырым қашықтықта орналасқан Атанши ауылына барып, тегін ән кешін өткізді.
«Мұндай танымал әншілердің шығармашылық кештерін аудан орталғына барып тамашалауға мүмкіндігі бола бермейтін ауыл халқына Сержанәлінің келіп әсем әнімен рухани демеу болуы зор қуаныш сыйлады»,- дейді әншінің ауылға келуіне тікелей ықпал жасаған ауыл әкімі Еркін Назаров.