Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Жаңақорғанда той-концерт өтті

Жаңақорғанда той-концерт өтті"Дара" продюсерлік орталығы Жаңақорған ауданының өнер сүйер қауымына үлкен той-концерт өткізді.
Көптен бері жоспарланған ән кешіне ауданда такси қызметін ұсынып отырған "Тұлпар" такси орталығы демеушілік көрсетті. Аудандағы өткізілген ән кешіне Жаңақорған аудандық әкімдігі, Жаңақорған кент әкімдігі, "Нұр Отан" партиясы, "Синойл" жуаапкершілігі шектеулі серіктестігі өз тараптарынан қолдау көрсетіп, ән кешінің өз дәрежесінде өтуіне атсалысты. Той-концерт кешінде аудандық әкімдік тарапынан және "Нұр Отан" партиясы атынан Заттыбек Көпбосынұлына және "Дара" продюсерлік орталығы директоры Серік Бахытұлына алғыс хат табысталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: