Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап облыстық жастар денсаулығы орталығында «Ашық есік» күні өткізілуде. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгінгі күнге дейін қала көлеміндегі білім беру ұйымдарынан 1700 жастар мен жасөспірімдер облыстық жастар денсаулығы орталығының жұмысымен танысты. Келушілерге гинеколог, уролог дәрігерлерінен, валеолог мамандарынан жыныстық жолмен жұғатын аурулардың, қалаусіз жүктіліктің, зиянды әдеттердің алдын алу жолдары туралы ақпараттар берілді. Сондай-ақ, жастар орталық қызметкерлеріне өздерін алаңдататын және қызығушылықтарын тудырған сұрақтарын қойды.