Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫ КИІЗ БАСУ ӘДІСІ КАРТИНАСЫ ҰЛЫБРИТАНИЯДА БАҒАЛАНДЫ

 

Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының киіз басу әдісі бойынша дайындаған картиналары Ұлыбританияда жоғары бағаланып, 3 Дәрежелі Дипломмен марапатталды, деп хабарлады Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, балалар мен жәсөспірімдер арасында өткен Халықаралық өнер фестивалінде «Тоқыма» бағыты бойынша мектептің 8-сынып оқушысы Ұлмекен Тотанованың «Құс жолы» атты туындысы және 10-сынып оқушысы Гүлзира Мәткәрімнің «Ақ желкен» тақырыбында киіз басу техникасымен әзірлеген картинасы жүлделі III орынға лайықты деп танылды. Сондай-ақ, Кипрде өткен кәсіби суретшілер арасында Халықаралық өнер фестивалінде мектептің өнер пәнінің мұғалімі Куаныш Уркинбаевтың жұмысы да ерекшеленіп, ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: