Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛДЫҚ БИ ТУРНИРІ ӨТКІЗІЛДІ


Сыр өңірінде тұңғыш рет халықаралық балдық би турнирі өткізілді. Астана қаласының 20 жылдығы және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған "Qyzylorda open–2018" атты турнир өткізілді.
"Евразия" спорт кешенінде өткен би сайысына Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен және Астана, Тараз, Шымкент, Қарағанды қалаларымен қатар еліміздің басқа да облыстарынан 500-ге тарта балалар, жастар және ересек топтары қатысты.
Би сайысының қорытындысында «Baby-1» категориясы бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында 18 алтын медаль иегері анықталды. Оның ішінде Қызылорда қаласының «Алекс» би мектебінің өнерпаздары Нұрислам Болатұлы, Диляра Арманқызы, Айлин Шыназбекова және Адина Нұрлан жеңіс тұғырынан көрінді. Жалпы, турнирдің алғашқы турына 92 адам қатысқан еді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: