Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАР АТАНДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАР АТАНДЫҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тағайындаған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2015» республикалық байқауы өтті. 
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз болған 200-ге жуық оқытушы-профессорлар қатарында Қорқыт Ата атындағы Қызылорла мемлекеттік университеті оқытушылары да бар. Бұған дейін оқу орнында 40-тан аса оқытушы жылдың үздігі атанса, бұл қатар екі оқытушымен толықты. 2015 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік оқытушы» атағына химия және экология кафедрасының профессоры, п.ғ.к. К.Сәдуақасқызы, экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. М.Өмірзақова ие болды. Жыл сайынғы дәстүрлі байқаудан жеңімпаз атанған оқытушы-профессорлар университетте бірнеше жылдан бері жемісті еңбек етіп келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: