Арал ауданында жайдарман сайыстарын тұрақты түрде өткізу жақсы жолға қойылған.
Бүгін де осы дәстүрінен таймаған жастар ерекше дайындықпен келіп, керемет ойын өрнегін көрсетті. Бұл жайдарман сайысының басты ұйымдастырушыларын «Жастар ресустық орталығы» Арал аудандық бөлімі мен «Арал-Ас» шығармашылық орталығы. Сайыс мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында өтті. Ережесі бойынша 19 желтоқсан күні өткен ойын нәтижесімен 11- команданың 9 командасы, 20 желтоқсан күнгі КТК сайысында бақ сынаған 8 команданың 6 командасы ақтық сынға жолдама алды. Енді ақтық сайыс ақпан айында өтеді деп жоспарланып отыр.