Бүгін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Арал аудандық бөлімі, «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен аудан жастары арнайы шара өткізді.
1-наурыз Алғыс айту күніне орай аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық өрт сөндіру бөлімі және аудандық перзентхана қызметкерлерін «Алғыс айту» күні меркесімен құттықтап, мадақтама қағаздарын табыстаса, оқушылар үйінің өнерпаз жастары арнайы дайындаған өлең жолдарын оқып, аға-апаларына алғыстарын айтты. Сондай-ақ орталық алаңда арнайы үн парақшалар таратылды. Өз кезегінде «Ұмай» сауықтыру және тәрбиелеу орталығында болып, тәрбиеленуші бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады. Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер болса ата-аналарына алғыстарын айтып, өз қолдарынан шыққан бұйымдарды табыстады. Және әр түрлі ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киген жастар күні бойы орталық алаңда жүріп, халықты құшақтап, тілектерін айтып мерекелік көңіл күйге бөледі.