Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ШИЕЛІДЕ АРДАГЕРЛЕРДІҢ ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ШИЕЛІДЕ АРДАГЕРЛЕРДІҢ ӨНЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІШиелілік ардагерлер арасында «Қарты бар ел – қазыналы ел» атты өнер байқауы өтті.
Ардагерлер мен зейнеткерлер арасында өткен бұл байқау 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналды. Ардагерлер арасында халық шығармашылығын жандандыру, өнерлі ардагерлердің шығармашылығын насихаттау және қолдау көрсетуге бағытталған шараға 30 жуық ардагерлер қатысты. Сайыскерлер екі жанр бойынша сынға түсті. Бірінші кезеңде ән жанрынан өнер көрсетсе, екінші кезең Елбасымызға арнау өлеңдерін арнады. Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Жөлек ауылдық ардагерлер ансамблі, ІІ орынды Еңбекші ауылынан Әнуабекова Мақсат, Сұлутөбе ауылынан Ибрагимова Шәмшия апаларымыз иеленсе, ІІІ орын Жаңатұрмыс ауылынан Оразымбетова Дилара, Жахаев ауылынан Дүйсебеков Тынысбек, Қарғалы ауылынан Пернебай Ізмәмбетұлына бұйырды. Жеңімпаздарға диплом, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: