Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АРАЛДА РЕТРО ӘН КЕШІ ӨТТІ

АРАЛДА РЕТРО ӘН КЕШІ ӨТТІАрал аудандық мәдениет орталығында «Сағындырған әндер - ай» ретро ән кеші өтті.  Бұл жайында аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 
Кештің басты мақсаты – сан жыл уақыт өтсе де, қасиетін жоғалтпаған әндердің қадірін жас ұрпаққа насихаттау, 70-80-90 жылдары кештің көркін қыздырып, сахнаның сәнін келтірген әндерді орындау арқылы жастарға таныту. 
Ретро ән кешінде 30-ға жуық әндер орындалды. Осылайша естен кетпес ескі әндер, сағындырған есті әндер көрермен жүрегіне қайта жол тартты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: