Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ТҮРІК ҒАЛЫМЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ДӘРІС БЕРУДЕ

Хулия Касапоғлу Ченгел – Түркияның Гази Университетінің оқытушысы. Бүгінде ол «Академиялық мобильділік» бағдарламасы аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде дәріс беруде. Бұл жайында "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасы хабарлады.
Хулия Касапоғлу Ченгел – түркі тілдес халықтардың ортақ тіл тарихын зерттеуші ғалым. Әлемдегі  ең үлкен 500 жоғары оқу орындардың бірі саналған  Гази университетінде ол 28 жылдан бері дәріс беріп келеді. Алты тілді меңгерген профессор бұған дейін Қырғызстан, Қытай, Германия секілді бірқатар мемлекеттердің іргелі білім шаңырақтарында лекция оқыған.
Түрік оқытушысы – университеттегі «қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының шәкірттеріне дәріс берген алғашқы шетелдік ғалым. Екі аптаға жоспарланған лекция барысында ол «Түрік халықтары әдеби тілінің тарихы» пәнінен қазақ тілінде сабақ өтуде. Магистранттар мен докторанттарды өзінің осы тақырыптағы түрлі зерттеулерімен кеңінен таныстыруда.
 Айта кетейік, университет шетелдің 60-қа жуық жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен байланыс орнатқан. Алдағы уақытта бірқатар білім ошақтарымен оқытушылар және студенттер алмасу жоспарлануда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: