Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

БАТЫРХАН ШӨКЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТЕДІ

 

Үстіміздегі жылдың 18 мамыры күні сағат 18.00-де "Достық” үйінде әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтың туған күніне арналған "Ән-жүрек, ән-ғұмыр” атты еске алу кеші өтеді.
Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Өнер жолын ол белгілі әнші Роза Рымбаеваның саксофоншысы ретінде бастаған. 1988 жылы өзі құрған А'Студио тобының фронтменті болады. Ал бір жылдан кейін "Джулия" деп аталатын хит әнді шығарады. Танымалдылық бұл топқа Алла Пугачевамен бірге "Рождественские встречи" байқауына қатысқаннан кейін келеді. Батырхан Шүкенов А'Студио тобынан 2000 жылы кетіп, жеке өнер көрсете бастайды. 2015 жылы "Россия 1" телеарнасының "Один в один" шоуына қатысып жатқан болатын.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: