20 наурыз күні Кеш You тобының бұрынғы әншісі, сәнгер Айдана Меденова FM, Indigo топтарының продюссері Алишер Нұржановқа ұзатылды.
Айдананы ұзату тойымен құттықтап Али Оқапов, Жания Джуринская, Алдаспан тобының ритм-домбырашысы Бақытжан Желдербаев жарымен, Сейфуллин Жолбарыс сынды әріптестері келді. Ең қызығы, Айдана ұзатуға да, үйлену тойға да өзінің бұрынғы продюссері Баян Есентаеваны шақырмаған. Әлеуметтік желіні қолданушылар тарапынан «Неге шақырмадыңыз?» деген пікірлер көптеп жазылған.
Айдана Меденова мен Әлішер Нұржановтың үйлену тойы 22- наурыз күні Алматы қаласында өтеді.
Айдана Меденова- 1991 жылы 28- қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. Меденовтар отбасындағы үш баланың кенжесі. Ағасы Ермек Меденов қазiргi таңда танымал, талантты музыкант. 2011 жылдан бастап Баян Есентаеваның қол астында жұмыс жасаған, 2012 жылдан 2014 жылдың аяғына дейін Кеш You тобының мүшесі болды. 2014 жылы интерьер-дизайнер мамандығы бойынша диплом алған.