Қазалы аудандық«Жастар Үйі» ғимаратында 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Аяулы келін» атты аудандық жас келіндер байқауы өткізілді.
Бұл шараны «Жастар ресурутық оратлығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазалы аудандық бөлімі және Әйтеке би кенті әкімі аппаратының «Кенттік клубы»мемлекеттік коммуналдық қазналық кәсіпорнының ұйымдастырды. Бүгінгі қазақ келіндері халқымыздың салт-дәстүрін қаншалықты білетіндерін аңғару мақсатында аудандық және ауылдық мектептерден жеті жас келін қатыстырылды. «Аяулы келін» байқауына қатысқан келіндер өздерін таныстыру,таланттылығын көрсету және қазақтың ұлттық киімінің сән үлгісінен сайысқа түсіп, бойларындағы өнерлерін, білім деңгейлерін көрсете білді. Жас келіндеріміз өнерлері жағынан да, білімдерімен де бірінен-бірі асып түсті. Бәріде өнерлі, сұлуда, сымбатты. Бірақта жарыстың аты жарыс. Сонымен, әділ-қазылар алқасының шешімімен №204 мектеп тәлімгері Ақгүл Жаментова «Аспапшы келін», №225 мектеп мұғалімі Шолпан Сағынова «Ибалы келін», №165 мектеп мұғалімі Айгерім Қалиева «Өнерлі келін» номинацияларымен марапатталды. Ал №226 мектеп-гимназиясының мұғалімі Лаура Қарабекова III-орынды қанағаттанса, №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Гүлжан Наурызова II-орынды, №266 мектеп-лицейдің мұғалімі Ақнұр Жатемова I-орынға ие болды. 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған "Аяулы келін" сайысының бас жүлдесін №70 мектеп мұғалімі Тілеп Динаражеңіп алды. Байқау одан әрі ән-бимен жалғасын тапты.