Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ОҚЫРМАНДАР ЖАЗУШЫ ТЫНЫМБАЙ НҰРМАҒАНБЕТОВПЕН КЕЗДЕСТІ

ОҚЫРМАНДАР ЖАЗУШЫ ТЫНЫМБАЙ НҰРМАҒАНБЕТОВПЕН КЕЗДЕСТІЖаңақорған ауданының тұрғындары белгілі қаламгер Тынымбай Нұрмағанбетовпен жүздесті. Бұл кездесуге аудан әкімі Руслан Рүстемов те қатысты.
Аудан халқының рухани өрісін өсіруде осындай тамаша кешті ұйымдастыруға негіз болған аудан басшысы Руслан Рүстемұлына қаламгер аға Тынымбай Нұрмағамбетов ақ тілегін айтып, батасын берді.
Айта кетейік, Тынымбай Нұрмағамбетов 1945 жылы 10 маусымда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының Қосүйеңкі ауылында туған. Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы «Қауын иісі» деген атпен шыққан. Содан бері бірталай кітабы жарық көрді. 
Біраз туындысы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып басылған. Сонымен қатар «Табалдырығыңа табын», «Жоғалған көл», «Кемпірлер үкімі» пьесаларының, «Тырналар ұшып барады» телефильмі сценарийінің авторы. Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: