Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАЛАҒАШТА "ЖЫР-КЕРУЕНІ" БОЛДЫ

ЖАЛАҒАШТА "ЖЫР-КЕРУЕНІ" БОЛДЫЖалағаш кентіндегі Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде Қармақшы аудандық К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінің «Жыр керуені» атты жыршы-жыраулардың концерті болып өтті.
Концертте Бидас Рүстембеков пен Серік Жақсығұлов бастаған қармақшылық жыраулармен қатар, қазалылық Марат Сүгірбай, Нартай мектебінің өкілі Нұртілек Ақтаевтар жырдан шашу шашып, жиналған қауымға ерекше көңіл күй сыйлады. Көрермендердің қатарында ақжаулықты аналарымыз бен ақсақалдарымыз және жырға құмар жастарымыз да көп болды. Қазақтың дәстүрлі өнерін дәріптеп жүрген өнерпаздарға көрермендер алғыстарын білдіріп, баталарын берді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: