Қазалы ауданында Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбардың туылған күніне орай «Адамзаттың абзалы» атты мәуліт кеші өтті.
Рухани кешке аудан әкімінің орынбасары А.Қаржаубаев, орталық «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы М.Жәмиев, зиялы қауым өкілдері, мешіт имамдары мен аудан тұрғындары қатысты.
Кеште аудан өнерпаздары ғибратты жыр-термелер орындап, тәрбиелік мәні мол сахналық қойылымдар көрсетілді. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің өнегелі өмірі жайлы мәліметтер халық назарына ұсынылды.