Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЧЕХИЯДА АРАЛ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ КӨРСЕТІЛЕДІ

ЧЕХИЯДА АРАЛ ТУРАЛЫ ФИЛЬМ КӨРСЕТІЛЕДІ

 

Арал теңізінің тағдыры туралы түсірілген «Аралдың ертеңі» атты деректі фильм Чехия республикасында өтетін танымал International Documentary Film Festival Jihlava кинофестивальде көрсетілетін болды, деп хабарлайды Кызылорда ньюс сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Деректі фильмде жергілікті тұрғындардың ата кәсібі балық шаруашылығы мен балықшылардың өмірі бейнеленген. Бұған дейін белгілі болғандай, 1960 жылдары теңізді Амудария мен Сырдарияға бұру салдарынан теңіз деңгейі күрт төмендеп кеткен болатын. Теңіз суын ауыл шаруашылығы мақсатында шамадан тыс пайдалану әлемдегі ең ірі 4 көлдің қатарындағы Аралды қасіретті жағдайға әкеліп соқтырды. Қазірде Арал теңізі экологиялық апат аймағына жатады. Фильмде адам қолынан зардап шеккен теңіздің өткені мен болашағы баяндалған. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: