Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Су астында жасалған ұсыныс (ВИДЕО)

Астана қаласының тұрғыны Қанат Баекенов сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты су астында жасады, деп хабарлайды 24.kz. 
Жиырма сегіз жастағы жігіт қызы Лаураны қалалық океанариумға дайвингпен айналысуға шақырған. Алайда бойжеткен жігітінің ниеті жайлы бейхабар болған. Қанат Лаураға деген сезімін қағаз бетіне түсіріп, су астында көрсетті. Жиырма жастағы қыз тосыннан жасалған үйлену туралы ұсынысқа көп ойланбай-ақ келісімін берді. Жастар 7 жылдан бері таныс. Енді үйлену тойын жаңа жыл мерекесінен кейін өткіземіз деп жоспарлап отыр. Қанат Баекенов, қала тұрғыны: - Елімізде ешкім сүйіктісіне су астында, акулалардың арасында тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасап көрмеген. Мен достарыммен ақылдасып, сүйіктімді осылай қуантамын деп шештім. Бұл қауіпті емес, өйткені жанымызад арнайы дайындалған апдамдар болды. Лаура, қала тұрғыны: - Мен үшін бұл тосын сый болды. Терезеден қарасам, туыстарым мен достарым тұр. Қатты таң қалдым. Өте бақыттымын.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: