Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қызылорадалық мәдениет ұйымдары жеңімпаз атанды

Сыр елінің өнер ұйымдары 13-15 мамыры аралығында «Рухани қазына – 2021» республикалық онлайн фестивалінде 3 номинация бойынша жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда марапат иелері Көкшетау қаласында фестивальдың қорытынды шарасы мен үздіктерді марапаттау рәсіміне қатысуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұршат Наурызбаева баяндады.
- Дәстүрлі түрде өткізілетін «Рухани қазына» республикалық фестивалінде облыс кітапханашылары жоғары нәтиже көрсетті. Қармақшы аудандық балалар кітапханасы «Үздік аудандық маңызы бар мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер кітапханасы», Қазалы аудандық кітапханасының кітапханашысы Айнұр Әбілтаева «Үздік аудандық маңызы бар кітапхана қызметкері» номинациясын алды. Ал «Үздік ауылдық мәдениет үйі, клубы» номинациясын Ақжар ауылының Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы ауылдық клубының иеленуі үлкен жетістік, - деді алаңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұршат Наурызбаева.
Биыл мәдениет және спорт министрлігі «2021 жылды – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» деп жариялады. Осыған орай, облыста «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы, «Жазғы кітапхана» жобасы, «Ертегімен есейем», «Әжем айтқан ертегі» онлайн жобалары, «Кел, балалар, оқылық» атты кітап оқу чемпионаты ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Сыр шаңырағы» Youtube каналында «Балалар әдебиеті» айдары ашылды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: