Халықаралық жастар күінен орай Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында Арал ауданындағы орталық алаңда «Асық party», «Домбыра party» кеші өткізілді.
Бұл шараны аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы» Арал аудандық бөлімі мен «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырды. Кешке асық ойынының қыр-сырын меңгерген және домбырада шебер ойнайтын аудан жастары белсенділік танытып қатысты.
«Асық partу» бойынша арнай алаңда 10 бозбала асық ойнады. Ал, «Домбыра party» кешіне термеші, жыршы, күйші бозбала бойжеткендер қатысып «Жастар аллиясына» жиналған аудан тұрғындарына домбырада күмбірлетіп күй төгіп, әуелетіп ән айтып ерекше таланттарымен тәнті етті.