Бүгін Қазалыда Ақтан батырдың 245 және Бекарыстан бидің 250 жылдығына орай "Азаттықты аңсаған бабаларым" тақырыбымен ғылыми-практикалық конференция өтті.
Оған "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Байқадамов, аудан әкімі Н.Шамұратов және ғалым-профессорлар қатысты. Конференция барысында Ақтан батыр мен Бекарыстан бидің өмірі және қызметі, ерлік істері жан-жақты баяндалды. Сондай-ақ, ғалымдар мерейтойлары өткізіліп отырған бабалар туралы тың зерттеулерімен бөлісті.