Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Өзге ұлт өкілдері "Абай оқуын" өткізді

Өзге ұлт өкілдері "Абай оқуын" өткіздіАрал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ауданда тұратын өзге ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары» байқауы өткізілді. 
Аудан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, байқауға өзге ұлт өкілдерінен мектеп оқушылары қатысты. Әр түрлі этнос өкілдерінің сайысында жеңімпаз болып № 81 мектептің 9 сынып оқушысы Надежда Невзорова марапатталды. Надежда байқауда Абайдың білім, ғылым тақырыбындағы поэзиялық шығармаларынан үзіндіні көрермен жұртқа жатқа мәнерлеп оқып берді. Сондай-ақ, «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен орындап шықты. Абайдың әнін орындауда, әншілік қабілетімен танытуда Люба Ким байқаудың ІІ орынын иеленсе, ІІІ орынды №19 мектеп оқушысы Динара Крашанина иеленді.
Байқауға қатысушы барлық талапкерлер қазақтың ұлттық киімінде өнер көрсетті. Сайыс қорытындысында ерекше көзге түскен жеңімпаздар мен талапкерлер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Аудандық сайыс жеңімпаздары облыстық Абай оқулары байқауына қатысуға жолдама алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: