Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

СЫР ӘНШІЛЕРІ МЕЙІРІМДІЛІККЕ ШАҚЫРДЫ

СЫР ӘНШІЛЕРІ МЕЙІРІМДІЛІККЕ ШАҚЫРДЫҒ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Сүйемін Ерекше» атты қайырымдылық концерті өтті.
Онда жергілікті танымал өнерпаздар – Бекзат Молдабергенов пен «Тұран» триосы өнер көрсетті. Облыстық ішкі саясат, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Қызық орда» шығармашылық тобының тікелей қолдауымен өткен бұл шара жастардың бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіру мақсатын көздеді.Концерт барысында жиналған көпшілік ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын – «Домбыра думан» мен облыстың өнерлі жастарының басын қосқан «Жайдарман» ойындарын тамашалады.    Ал, аталмыш концерттен түскен қаражаттың бір бөлігі сал ауруына шалдыққан және ақыл-есі дамуында ауытқуы бар балалардың еміне жұмсалатын болады. Дәстүрге айналған бұл ізгі ниет биыл төртінші жыл өзінің жалғасын тауып отыр. Белсенді жастардың азаматтық танытып, осындай игі шараларға бастама болуы көңілге қуаныш ұялататыны сөзсіз. Ашық аспан астында әсем әуен ырғағымен би билеп, көңілді кештің куәсі болған Сыр жұртшылығы керемет көңіл-күймен тарқасты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: