Шиелі ауданында жыл басы - Наурыз мерекесін тойлау басталып та кетті.
Орталық кітапханада Наурыз мерекесі өткізіліп, оған аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов қатысты. Орталық кітапхана ауласына тігілген қараша үйде салт-дәстүр жаңғыртылып, жергілікті өнерпаздар сахналық көрініс арқылы жаңа жылдың басталғанын айшықтайтын көріністер көрсетті. Аудан әкімінің орынбасары жиылған жұртшылықты Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.