Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Құммен сурет салу эстетикалық талғамды өсіреді

Құммен сурет салу эстетикалық талғамды өсіредіҚызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Социум-Кызылорда» қоғамдық қоры құммен сурет салу байқауын ұйымдастырды.  Байқау «Олимп» балалар мен жасөспірімдер орталығында өтті.
Аталған шара балаларды өнер-білімге баулу мақсатында құрғақ және ылғалды құммен сурет салудан өткен болатын. Балалардың көркемдік-эстетикалық талғамдарының өсуіне өз септігін тигізетін байқау қорытындысы бойынша  І орын - Тоқтар Қорғанбекке бұйырды.  Ал, ІІ орын – Арайлым Қосанова және жүлделі ІІІ орынды – Ирина Нем жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: