Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Мадина Сәдуақасоваға байкот жариялаған кім?

Сәдуақасова жақындарының өзіне байкот жариялағанын инстаграм парақшасында мәлім етті. Бұл жөнінде ntk.kz жазды.
Өнер иесі тіпті не үшін бұлай болып жатқанынан бейхабар көрінеді. Осылайша мұңын шаққан Мадина оқырмандарынан басқа сырласар ешкімі қалмағанын айтады. Бұл жазбаны оқыған фалловерлер болса, әншіге пікір қалдырып, барынша қолдау көрсетуде.
Ал жуырда ғана тұрмысқа шығып, ақ келін атанған Say Мо, шығармашылығына қайта кірісті. Рэпер жақында жарық көретін жинағының жұмысына қызу кіріскен. Альбомға арнап фотосессия жасаған Мөлдір бұл жолы дуэт ұсынбақ екен. Алайда, әнші кіммен ортақ трек орындайтынын құпияда ұстауда.
Тыңдарманын тың туындымен қуантуға Садраддин де асық! Жас әнші таяуда жарық көретін жаңа трекке фотосессия мен муд видео таспалады. Инстаграм тақырыбындағы сингл жастарды қызықтырары сөзсіз. Соңғы кезде тек орыс тілінде ғана ән ұсынып жүрген Садрдың кезекті әні «Зажигалка» деп аталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: