Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«АЛАШҚА АНА – СЫР ЕЛІ» ҮЗДІК ПОСТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

  «АЛАШҚА АНА – СЫР ЕЛІ» ҮЗДІК ПОСТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

 

I Журналистер мен блогерлер арасында бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-басылымдарындағы үздік жарияланым бойынша «Алашқа ана – Сыр елі»  үздік пост байқауын (бұдан әрі – байқау) Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Медиа Жұлдыз» ҚҚ өткізеді.
II Байқаудың мақсаты:
«Алашқа ана – Сыр елі» облыстық блог сапарының қорытынды нәтижесі есебінде Қызылорда өңірінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына бағытталған пост жазу, облыстың туристік және инвестициялық әлеуетін насихаттайтын ақпараттық материалдар жариялау арқылы аймақтың имиджін қалыптастыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат таратудағы үлесін, БАҚ өкілдерінің, журналистер мен блогерлердің кәсіби ынтымақтастығын арттыру.
III Байқаудың міндеті:
Билік пен қоғам арасындағы серіктес болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарының ролін арттыру, журналистер мен блогерлердің «Алашқа ана  - Сыр елі» облыстық блог сапары туралы үздік материалдарын бағалау және марапаттау.
IV Байқаудың шарттары: 
4.1. Байқауға «Алашқа ана – Сыр елі» блог – турына қатысқан (бұдан әрі – байқауға қатысуға үміткерлер) журналистер мен блогерлер шақырылады.
4.2. Байқауға 2016 жылдың 21 қазанынан 31 қазанына дейінгі аралықта әлеуметтік желіде әр түрлі көлемдегі жұмыстар ұсынылады.
V Жұмыстардың негізгі тақырыбы:
5.1. Материалда «Алашқа ана – Сыр елі» облыстық блог-тур барысында аралаған нысандар, тарихи орындар, кәсіпкерлікті дамытуға байланысты жүзеге асқан жобалар мен туризм аймағына айналған аудандардың бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық дамуын бейнелеп,  насихаттау.
5.2. Байқауды қорытындылау кезінде келесі параметрлер ескерілетін болады:

– материалдың байқау мақсатына сәйкестігі;

– материалдың әсерлілігі және дұрыс бағыты;

– посттардың жан-жақтылығы, кәсіби деңгейі;


VI Байқауға өтінім беру және қатысу:
6.1. Байқауға қатысу үшін үміткерлер әлеуметтік желідегі өз парақшаларына #МедиаЖұлдыз хэштегі арқылы пост жариялайды. 
6.2.Байқау үшін жарық көрген посттар «Ең үздік пост байқауына» деген белгімен media_zhuldyz@mail.ru электронды почтасына жолдануы міндетті. 
6.3. Электронды почтаға материалмен қоса қатысушы  өзі жайлы толық ақпарат (аты-жөні, тұрғылықты жері, жұмыс орны, байланыс телефондары т.б) жіберуі тиіс.
6.4. Байқау жұмыстары мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады. 
6.5. Байқауға қатысуға өтінімдер мен материалдар 2016 жылдың 31 қазанына дейін қабылданады.
VII Ұйымдастыру комитеті және байқаудың қазылар алқасы
7.1. Байқаудың ұйымдастыру жұмыстарын «Медиа Жұлдыз» қоғамдық қоры жүзеге асырады. 
7.2. Байқау жеңімпаздарын  әділ қазылар алқасы анықтайды. 
7.3. Қазылар алқасы қатысушылардың жұмысын байқау тақырыбы, мәтіні  бойынша бағалайды.
7.4. Қазылар алқасының әрбір мүшесі қарастырылған жұмыстар бойынша хаттама толтырады.

Мекен- жайы:
Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі н/з, «Сыр Медиа» ЖШС ғимараты, 332 кабинет, «Медиа Жұлдыз» ҚҚ.
e-mail: media_zhuldyz@mail.ru
тел: +7707-101-51-06.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: