Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ «ПАРЫЗ-2018» КОНКУРСЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2018» конкурсын ұйымдастыру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын хабарлаймыз.
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары үш санат бойынша:
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;
2) орта кәсіпкерлік субъектісі;
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі;
және мынадай номинациялар бойынша беріледі:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында - өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын ұйымдардың қызметі қаралады (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру, еңбекті қорғауды ұйымдастыру, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.).
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында - еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады»;
3) «Үздік ұжымдық шарт» номинациясында - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында - жеке кәсіпкерлік субъектілері арасында ақпараттық – түсіндіру жұмысын жүргізу.
Материалдардың құрамында:
1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;
2) үміткердің өз қызметіне және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелеріне жасаған бағасының деңгейін көрсететін есебі.
Үміткердің есебіне мыналар кіреді: заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы, ұйымдық құрылым, өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі, DVD дискілердегі материалдар, альбомдар, брошюралар басқа да қосымша құжаттар болуы мүмкін).
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер конкурсты ұйымдастырушыларға материалдарды бір данада береді, өтінімдерді беру мерзімі - 2018 жылдың 15 тамызына дейін, материалдар қағаз және электронды таратушыларда ұсынылады.
Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Б.Асқар көшесі, 47 үй, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 210 каб. тел. 26-21-30
Конкурс жөнінде толық ақпаратты Министрліктің www.pariz.kz және www.Enbek.gov.kz сайттары немесе (87172) 74-35-11 телефоны арқылы алуға болады.
------------------------------------------------------------------------

Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 523 «О конкурсе по социальной ответственности бизнеса «Парыз» объявляет о проведении конкурса по социальной ответственности бизнеса «Парыз-2018».
Конкурс проводится на всей территории Республики Казахстан в конкурсе могут принимать участие субъекты частного предпринимательства (далее – претенденты). Звания лауреатов конкурса присуждаются в трех категориях:
1) субъект малого предпринимательства;
2) субъект среднего предпринимательства;
3) субъект крупного предпринимательства;
и по следующим номинациям:
1) «Лучшее социально ответственное предприятие». В данной номинации рассматривается деятельность претендентов, реализующих социальные программы, направленные на поддержку собственного персонала (организация оплаты труда и социальных выплат, охраны труда, системы профессиональной подготовки и переподготовки кадров);
2) «Лучшее предприятие в области охраны труда». В данной номинации могут участвовать предприятия, создающие условия труда, позволяющие сохранять здоровье работников в процессе трудовой деятельности;
3) «Лучший коллективный договор». В данной номинации рассматриваются коллективные договоры, значительно улучшающие и укрепляющие трудовые и социальные права работников, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;
4) «За вклад в экологию». В данной номинации проводятся информационно – разъяснительные работы среди субъектов частного предпринимательства.
Для участия в конкурсе претенденты подают организаторам конкурса материалы в одном экземпляре, которые включают в себя:
1) заполненную заявку согласно приложению;
2) отчет претендента, представляющий собой самооценку уровня его деятельности и конкретных результатов по корпоративной социальной ответственности.
В отчет претендента должны быть включены: история юридического или физического лица, организационная структура, иная дополнительная информация;
3) приложение к отчету (копия коллективного договора и иные документы).
4) анкету, заполненную по форме, установленной Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, и размещенную на его интернет-ресурсе. www.pariz.kz и www. Enbek. gov.kz
Срок представления заявок для участия в конкурсе до 15 августа 2018 года. Материалы представляются на бумажном и электронном носителях.
Адрес: Управление координации занятости и социальных программ Кызылординской области г. Кызылорда улица Б.Аскар 47, каб. 210, тел. 26-21-30
Полную информацию о конкурсе можно получить на сайте Министерства труда и социальной защиты населения www.pariz.kz и www. Enbek. gov.kz или по телефону (87172) 74-35-11.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: