Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖЫРДЫҢ ЖАМПОЗ ЖҮЙРІГІ

ЖЫРДЫҢ ЖАМПОЗ ЖҮЙРІГІБүгін З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде белгілі жырау, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі ұсынған «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Рысбек Әшімовті еске алуға арналған «Жырдың жампоз жүйрігі» атты мәдени-танымдық шара өтті. 
Еске алу шарасына облысқа белгілі жыршы-термешілер мен жыраулар арнайы келіп жырдан шашу шашса,Рысбек Әшімовтың үзеңгілес достары ҚР Мәдениет қайраткерлері Байнияз Тілепов, Оңталап Нұрмаханов және композитор Рамазан Тайманов Рысбек жырау туралы естеліктерімен бөлісті. Сыр бойының өнерін насихаттауға үлес қосқан, өнер десе өзегін жұлып беретін, ел ішінде «Аралдың қара жорғасы» атанған Рысбек жырауды еске алу шарасында аудан әкімінің орынбасары Жұмагүл Әлішева сөз алып, жыраудың өмір жолымен таныстырып,келген қонақтарға алғысын білдірді. 
Кеш соңында Облыстық халық шығармашылығын дамыту және продюссерлік орталығының директоры, ҚР мәдениет саласының үздігі Сәбит Аманкелдиев кештің көркін қыздырған жыршы-жырау, термешілерді алғыс хаттармен марапаттаса, ұйымдастыру ісіне атсалысқан аудан әкімдігінен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен мәдениет орталығы қызметкерлерінен ыстық ықыласын білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: