Қармакшы ауданы әкімдігінің қолдауымен Жыраулар үйінің ұйымдастырумен Тұрмағамбет ауылында Көшеней Рүстембековтың 70 жасқа толуына орай "Көшеней десем..." атты жыр мүшәйрасы өтті.
Жыр бәйгесін Қармақшы Аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нуршат Бекежанқызы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
15 ақын қатысқан бұл жыр додасында Қазылық еткен ақын Талайлы Досымова, жырау Бидас Үрістембеков және Зарипа Тасымовалар жас ақындардың өлең өрнектеріне ризашылығын білдіріп, ақындарға жоғары баға беріп, өнерлерінің өрістеуіне тілектестіктерін айтты.
Жыр тұлпарларының аламанының алдында Журналистер одағының мүшесі, ақын, "Қармақшы таңы" газетінің бас редакторының орынбасары Нұрбай Жәнәділов Көшеней жырау руxына арнап, көрермендерге керемет жыр шашу ұсынды.
Кешке Жыраулар Үйі "Тасберген жырау" үйірмесінің жетекшісі Зауре Карибаева шәкірттерімен керемет өнер көрсетті.
Сонымен, 1 жүлделі орын Адилхан Куанбаев иемденді, 2 орынды Тұрар Бекмұрзаев алса,
3 орынды Жаухар Сарсенбаева жеңіп алды. Кеш соңында ауыл әкімі Нұрбол Тоғызбаев раxметін айтып, ауыл ақсалдары ақ батасын берді.