Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫНА 150 ЖЫЛ ТОЛАДЫ

ҚАЗАЛЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АТАУЫНА 150 ЖЫЛ ТОЛАДЫБиыл Қазалы қаласының атауына 150 жыл толуына орай қаланың инженерлік-инфрақұрылымын дамыту мақсатында жобалар әзірленуде.
Мерейтой қарсаңында Қазалы қаласына кіре берістегі «Оң жаға» каналының көпірін және «Қала паспортын» абаттандыру, көше қиылыстарына 5 комплект бағдаршам мен түрлі шағын архитектуралық мүсіндер орнату жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ, құны 270,3 млн теңгені құрайтын саябақ құрылысы демеушілік есебінен іске асатын болады.
Көп жылдардан бері халықтың негізгі проблемасы болып жүрген ауыз су құрылысына биылғы жылға Ұлттық қордан 450,3 млн. теңге қаржы бөлініп, Қазалы қаласының сумен жабдықтау жүйесін кеңейту мен құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Қазалы қаласындағы жаңа тұрғын үй көшелерін электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысына 79,8 млн. теңге қаралып, монтаждау жұмыстары жүргізілді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде бюджеттен бөлінген 33,9 млн. теңгеге Қазалы қалалық мәдениет Үйінің ғимаратына күрделі жөндеу және 18,2 млн. теңгеге №16 мектеп-лицей ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің шеберханасы мен оқу-өндірістік ғимараттарына бюджеттен бөлінген 100,9 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғанибай керуен сарайына реставрация жасалуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: