Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

РЕСЕЙДЕ БІЛІМ АЛҒАН ЖАСТАР ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛМАҚ


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов мәлімдеді.
Облыс әкімінің тікелей бастамасымен жастарға білім берудің сапасын арттыру жұмыстары өз жалғасын тауып келеді.
– Өздеріңіз білесіздер 2014 жылдан бастап мектеп түлектерін мақсатты түрде үздік отандық және ресейлік жоғары оқу орындары мен колледждерге жіберіліп келеді. 2018 жылы 205 грант бөлініп, бүгінгі күні жалпы бөлінген грант саны 883-ке жеткізілді.
2014 жылы Ресей Федерациясы гранты есебінен Ресейдің маңдайалды инженерлік оқу орындарына оқуға түскен түлектеріміздің алғашқы легі, яғни 75 студент өз дипломдарын алды. Қазір олардың дені оқуын жалғастыру мақсатында магистратураға тапсырып жатса, елге оралған 6 студент тұрақты жұмысқа орналасты. Қалған түлектерді облыстың бірқатар кәсіпорындары жұмысқа қабылдауға дайын. Бірқатар түлектер мемлекеттік қызметтің кадрлық резервіне алынатын болады, - деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: