Әнші Алмас Кішкенбаев қызды болды. Бұл отбасының екінші бөбегі. Алмас пен жары Мөлдірдің тұңғышы да қыз.
Әнші бұдан бұрын алғашқы перзенті дүниеге келгенде қуаныштан көзіне жас алғанын айтқан болатын. «Аллах ұлық, қызды болдым»,- деп бұл жолы да ол қуанышын жасырып қалмады.
Алмас пен Мөлдір 2010 жылдың қараша айында шаңырақ көтерген. Бүгінде олар бақытты және үлгілі отбасылардың бірі.
«Baistars.kz» ұжымы әншіні құттықтай отырып, сәбидің бауы берік болсын деген тілегін білдіреді.