Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Облыстық театрға жаңа басшы келді

Бүгін Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында ұжымның жалпы жиналысы өткізіліді. Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Абуова театрдың жаңа басшысымен таныстырды. 
Театр басшысының міндетін атқарушы болып мәдениет саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар Баймырзаев Ғалым Қонақбайұлы қабылданды. Ғ.Баймұрзаев Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының жетекші маманы қызметінен бастап, бас маманы, бөлім басшысы, Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Қалалық мәдени-демалыс паркінің директоры, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы қызметтерін атқарған.
Мәдениет саласында ұзақ жылдар еңбек еткен театр директоры, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері Әбдікәрімов Мұхит Сұлтанұлы құрметті демалысқа шықты. 
Басқарма басшысы М.Абуова театрдың жаңа басшысы Ғ.Баймұрзаевқа  үлкен сенім мен жауапкершілік жүктелгенін атап өтіп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай театрда рухани мәні зор тарихи қойылымдарды көрерменге ұсыну, театр ұжымының жұмысын жандандыру, шығармашылық құрамның жоғары көркемдік деңгейде жұмыс жасауын ұйымдастыруға бағытталған нақты міндеттер қойды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: