Бүгін Қызылорда қаласының Көркемсурет галереясында Сергей Елисеевтің "Мен тіршілікті сүйемін!" атты көрмесі өтті.
Тағдырдың ауыртпалығына мойымай, өміріне өнерін серік еткен Сергей Елисеев 1993 жылдан сурет сала бастайды. Оның негізгі жанры – пейзаж. Ол қоршаған ортаның әдемілігі мен үйлесімділігін қапысыз көре біледі. Суретшінің мейірім мен ізгілік қуатына толы жұмыстары, фәнилік тіршілікке деген сүйіспеншілігі кенеп беттерінде нақты өмірдегідей шынайы көрініс тапқан. Көрмеге оның 2001-2014 жылдар аралығында салынған, бүкіл шығармашылық жолын көрсететін 47 жұмысы қойылды.