Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Облыстық кітапханада беби-шоу өткізілді

Облыстық кітапханада беби-шоу өткізілдіӘ.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі «Ертегілер елінде қонақта» атты беби-шоу өткізілді. 
Шараның белсенді қатысушылары  «Ералаш», «Сәулет-Нұрайы» балабақшаларының бүлдіршіндері, №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің және №217 Б.Шалғынбаев атындағы орта мектептің 1 сынып  оқушылары  болды. Шоу жүргізушілері №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің жоғарғы сынып оқушылары:  Кітап ханшайымы, Ертегі, Винний пух, Пяточок, Жылан-Горыныч, Қар Ханшайымы, Кикимора, Бармалей бүлдіршіндермен  бірге ертегіден ертегіге саяхат жасады.  Балғындар сүйікті ертегілері  «Үйшік», «Шалқан», «Саңырауқұлақтың астында», «Түлкі мен қасқыр» атты қойылымдар көрсетіп, ертегілер бойынша қойылған фильмдерден сүйікті әндерін орындап, би биледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: