Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай және де жастар саясатын жүзеге асыру бағытында аудандық «Жігіт төресі – 2015» атты жігіттер сайысы өтті. Сайысқа ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарынан 18-29 жас аралығындағы 11 өнерлі жігіттер қатысты.
Сайыс төрт кезең бойынша өткізілді. «Жігіт төресі - 2015» сайысына Қазақстан журналистер одағының мүшесі, облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі – Жұмабек Табынбаев, аудандық жастарды қолдау орталығының бөлімінің аға кеңесшісі – Қуаныш Жиенқұлов, Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінің ардагері – Жанділдә Баймұратовтар қазылық жасады.
Сайыстың барлық шарттары бойынша сүрінбей өткен Жанқожа батыр ауылынан қатысқан Рауан Ақбергенов бас жүлдені жеңіп алса, І орынды Басықара ауылынан қатысқан Фараби Мұхтарұлы, ІІ орынды Бекарыстан би ауылынан қатысқан Қасым Балымбетов, ІІІ орынды Өркендеу ауылынан қатысқан Талап Мурзалиевтер бөлісті. Басқа да ауылдардан қатысқан 7 жігіт әр түрлі наминациялармен марапатталды.