Бүгін Қазалыда Ақтан батырдың 245 және Бекарыстан бидің 250 жылдық мерейтойының 2- күні басталды.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдымен "Гүлдер жәрмеңкесіне" дайындық қызу журуде. Сағат 10:00-де жәрмеңке, одан әрi ғылыми-конференция өтеді. Оған елімізге белгілі ғалымдар, танымал азаматтар және еліміздің өзге өңірлерінен меймандар келіп қатысты.