АРАЛДЫҚ ПЕДАГОГТАР НАУРЫЗ КӨЖЕ ӘЗІРЛЕУДЕН СЫНҒА ТҮСТІ
Бүгін З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Наурыз көже ырысым» атты Наурыз мерекесінде дайындалатын ұлттық тағамдарымыздың бірі Наурыз көже әзірлеу сайысы өтті.
Бұл шара Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Арал қаласындағы мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері арасында өткізілді.
Сайыс барысында көже тағамының алуан әдіспен дайындаған түрлері ұсынылып қана қоймай салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз да көрініс алды. Осылайша жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан көже жарысы биылғы жылы да жоғары деңгейде дәстүрлі жалғасын тапты.