Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АРАЛДА БЕКҰЗАҚ ТӘҢІРБЕРГЕНОВТЫ ҰЛЫҚТАУ ШАРАЛАРЫ ӨТЕДІ

АРАЛДА БЕКҰЗАҚ ТӘҢІРБЕРГЕНОВТЫ ҰЛЫҚТАУ ШАРАЛАРЫ ӨТЕДІ

 

Биылғы жылы Арал ауданында белгілі жыршы-термеші Бекұзақ Тәңірбергеновты ұлықтау шараларын өткізу қолға алынып отыр.
Еске алу шаралары аясында «Текті сөздің төресі» атты облыстық жас жыршы-термешілер фестивалі өткізіліп, Бекұзақ Тәңірбергеновтің шығармашылығынан сыр шертетін, халықтың жадында мәңгілікке жатталып қалған «Аралдың табанынан су кетсе де, халқының жүрегінен жыр кеткен жоқ» деген өлең жолдарын тақырыпқа арқау еткен жинақ кітабы шығарылмақ. Кітапқа талант иесінің айтыстары,бұрын жарияланбаған өлеңдері,әндері нотасымен, арнау өлеңдері, өмірі мен отбасына қатысты фото суреттер,бұрынғы жарияланған өлеңдері мен термелері және Бекұзақ туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары енгізіледі. Айта кетейік, бұған дейін ақын шығармашылығы туралы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Талғат Тілеулесовтің «Жыр-ғұмыр» атты жинақ кітабы жарыққа шыққан болатын.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: